Германияда бомба табылды, 10 мыңнан астам адам эвакуацияланды

15:21, 17 тамыз 2017
415

Германияның Хильдесхайм қаласында Екінші Дүниежүзілік соғысы заманындағы жарылғыш зат табылды. Бұл туралы NDR хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, құрылысшылар бомбаны қаланың орталығында тапты. Осыған байланысты 10 мыңнан астам адам қауіпсіз жерге көшірілді. Қауіпті заттың табылған ауданында ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мәдени мұра тізіміне енген бірнеше нысан орналасқан. Олардың қатарында Хильдесхайм кафедралы соборы мен Әулие Михаил шіркеуі бар. 

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!