Г.Бердімұхамедов Түркіменстан президенті сайлауында жеңіске жетті

13:29, 13 ақпан 2017

Түркіменстанның қазіргі басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов үшінші рет республика президенті болып қайта сайланды. 

«Ол сайлауда 97,69% дауыс жинады», – дейді Түркіменстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы. 

Айта кетейік, бұған дейін Орталық комиссия мүшелері жексенбі күні өткен сайлауға халықтың 97,27% қатысқанын хабарлаған болатын. 

Бердімұхамедовтан бөлек президент лауазымына тағы 8 үміткер таласқан.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!