Газа секторын қалпына келтіруге 70 миллиард доллар қажет – сарапшылар есебі
© Сурет: БҰҰ-әйелдер/С. А. Элуф
Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропалық Одақ және Дүниежүзілік банк бірлесіп жүргізген жедел шығындар мен қажеттіліктерді бағалау нәтижесіне сәйкес, Газа секторын толық қалпына келтіруге шамамен 70 миллиард доллар (яғни 37,5 триллион теңгеден астам) қажет болады. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
БҰҰ өкілі баспасөз мәслихатында Еуропа елдері, Канада және АҚШ секілді бірнеше мемлекеттер бұл бастамаға қаржылай қолдау көрсетуге дайындығын білдіргенін атап өтті.
"Біз Еуропалық әріптестерімізден, Канададан және басқа да елдерден жақсы жаңалықтар естідік. Олар қалпына келтіру ісіне көмектесуге дайын", – деді БҰҰ өкілі.
БҰҰ сарапшыларының айтуынша, мұнайға бай Парсы шығанағы елдері де бұл процесті қаржыландыруға ықылас танытуы мүмкін. Сонымен қатар, Египет Газа секторына арналған логистикалық база ретінде көмектесе алады деген болжам бар.
Еске салайық, бұған дейін АҚШ Федералдық тергеу бюросы (ФБР) өз елінің аумағында ХАМАС ұйымының содыры ұсталғанын хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:27, 20 қараша 2025
Өзбекстанда киберқылмыс өршіп барады
-
17:39, 19 қараша 2025
Таиланд шетелдіктерге қатысты виза режимін қатаңдатты
-
11:15, 18 қараша 2025
Үндістанда хакерлер перзентханалардағы камераларды бұзып, видеожазбаларды әлеуметтік желілерде сатқан
-
11:09, 18 қараша 2025
Бразилияда ежелгі қолтырауын табылды
-
10:34, 18 қараша 2025
Оңтүстік Кореяда ең ірі қалқымалы күн электр станциясы іске қосылды





