Гавайи аралында атқылаған жанартау 21 үйді жойып жіберді

12:04, 7 мамыр 2018

Гавайи аралының шығыс жағында оянған жанартау жиырма бір үйді қиратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат The Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Құрылыстар ыстық лава астында қалған. Үйлердің қирауын Гавайи штатының өрт қорғау қызметі әуеден бақылау барысында тіркеді.

CNN телеарнасының хабарлауынша, қауіпті аумақтан 1,7 мың тұрғын эвакуацияланған. Төтенше жағдайлар қызметі қазіргі уақытта тоғыз вулкан көзін тапқан. Жарықтардан лава және улы газдар атқылап жатыр.

Килауэа жанартауы өткен аптада жер сілкінісінен кейін оянып, аспанға күл, топырақ ата бастаған. АҚШ Геологиялық қызметінің хабарлауынша, 2 мамырда аралда тербелісі 6,9 жер сілкінісі тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!