Ғарышқа саяхат 2018 жылы басталады

15:54, 17 мамыр 2017
1122

Virgin Galactic кемесінің басшысы Ричард Бернсон саяхатшыларды ғарышқа шығаруға дайын. Ол 2018 жылы бұл жобасының жүзеге асатынын айтты. 

Жақында ғана Virgin Galactic кемесі атмосфера сыртына шығып, қайта қайтуға болатын ұшу жұмыстарын сәтті аяқтады. Осыған дейін алыстан басқарылатын VSS Unity кемесі Virgin Galactic кемесінің бұл жаңа жетістігі болса, ендігі жерде аталған мекеме үлкен жаңалық ашып отыр.

Алты жолаушы және екі ұшқыш – ғарыш кемесінің экипаждары осылай жасақталады. Саяхатшылар 100 км биіктікке дейін көтеріліп, белгілі бір деңгейдегі тартылыс күшінен айрылып, өздерін ғарышта жүргендей сезініп қайтады. Ол ғана емес олар осындай биіктіктен жердің әдемі көрінісін көре алады. Бірақ осындай ләззат үшін әр жолаушы 250 мың доллар төлеу керек.
 

Дереккөз: massaget.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!