Ғалымдар есте сақтау қабілетін жақсартудың қарапайым әдісін атады

10:04, 26 қыркүйек 2018
440

Аз уақыт денені қыздырудың өзі естеліктерді сақтауға жауапты ми бөліктері арасындағы байланысты нығайтады, деп түсіндірді Ирвайндағы Калифорния университеті мен Жапонияның Цукуба университетінің бір топ ғалымы. Зерттеу Proceedings of The National Academy of Sciences журналында жарияланды, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Нейробиологтар томографтың көмегімен аз ғана дене шынықтырудан кейін 36 жас жігіттің ми қызметіне талдау жасады. Нәтижесінде есте сақтау қабілетінің жұмысына қатысты ми қатпарларының өзара байланысы жақсаратыны анықталды.

Ғалымдар бұл аймақта жаңа жасушалар өсіп шыға ма деген сұраққа жауап іздеген.

"Біз жаңа жасушалар пайда болатынын жоққа шығармаймыз, алайда бұл процесс уақытты талап етеді. Сонымен қатар он минуттық жаттығу бірден нәтиже беретіні анықталды", — дейді Ирвайндағы Калифорния университеті жанындағы оқыту мен жады нейробиология орталығының директоры Майкл Ясс.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!