Ғалымдар екпе алған адамдардың КВИ жұқтырғанын білдіретін белгіні атады

14:47, 22 маусым 2021

© Сурет: pixabay.com

Ғалымдар екпе алған адамдардың COVID-19-ды жұқтырғандығын білдіретін негізгі симптомды атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Коронавирусқа арналған ZOE COVID Symptom Study зерттеуінде жиі түшкіру коронавирусты жұқтырғанның симптомы болуы мүмкін. Бұл симптом, көбінесе екпе алған және екпеден кейін инфекция жұқтырған науқастарда байқалады.

Lenta.ru сайтының хабарлауынша, түшкіру, әдетте COVID-19-дың айқын белгісі болып табылмайды, бұл, тіпті ең көп таралған белгілердің біріне де жатпайды. Жоғары температура, қалтырау, тұрақты жөтел, иіс сезбеу, бас ауруы, ентігу, кеудедегі ауырсыну, ішектің проблемалары және т.б - негізгі симптомдар. Сонымен қатар түшкіру жылы мезгіліне байланысты аллергияға шалдыққандарда өте жиі кездеседі.

Ғалымдар вакцина алғаннан кейін себепсізден себепсіз жиі түшкіру коронавирустың симптомы болуы мүмкін екенін айтады. Бұл симптом вакцина алған адамдарда пайда болса, онда үйден шықпай, дәрігерге қаралып, COVID-19 -ға тестін тапсыру,а кеңес беріледі.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!