Футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатының кестесі жарияланды

15:50, 16 шілде 2020

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) 2022 жылы Қатарда өтетін әлем чемпионатының күнтізбесін жариялады, деп хабарлады Olympic.kz.

Алғашқы матч 2022 жылдың 21 қарашасында өтеді деп жоспарланған. Кездесу Әл-Хаур "Әл Бейт" стадионында болады. Топтық кезең матчтары 2 желтоқсанға дейін созылады. Плей-офф күнтізбесі мынадай:

1/8 финал 3-6 желтоқсанда;

Ширек финалдар 9-10 желтоқсанда;

Жартылай финалдар 13-14 желтоқсанда;

3 орын үшін жарыс 17 желтоқсанда;

Финал 18 желтоқсан күні Лусаил қаласындағы 80 мың көрермен сыятын стадионда өтеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!