Футбол: 2030 жылғы әлем чемпионатын төрт ел қабылдауы мүмкін

09:32, 14 қыркүйек 2018

Оңтүстік Корея 2030 жылғы әлем чемпионатын бірге қабылдау үшін Солтүстік Корея, Қытай мен Жапонияға ұсыныс жасамақ, деп хабарлайды Хабар 24.

Оңтүстік Корея спорт министрінің айтуынша, мұндай қадам әлемдегі қазіргі атмосфераны жақсартуға көмектеседі.

Бұған дейін 2030 жылғы әлем чемпионатын қабылдау туралы Ұлыбритания мен Ирландия, Испания мен Португалия ұсыныс жасаған. Сондай-ақ Марокко, Алжир және Тунис те әлемдік доданы бірге өткізгісі келеді.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!