Фуэго жанартауы атқылап, 100-ге жуық адам қайтыс болды

10:48, 7 маусым 2018

Табиғи апат салдарынан мемлекеттің 1,7 млн тұрғыны зардап шекті. 200-ге жуық адамға іздеу жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Гватемал мемлекетіндегі Фуэго жанартауының атқылауы салдарынан өлгендер саны 99 адам болды. Басылымның хабарлауынша, жанартау дәл бұлай қырық жылда алғаш рет атқылап тұр.

Елдімекендердің барлығы дерлік ыстық күлмен көмкерілгендіктен, іздестіру шараларын жүргізу қиынға соғып отыр.

Бұған дейін табиғи апаттан 84 адамның қайтыс болғаны туралы айтылған-ды. Мемлекет билігі Фуэгоға жақын орналасқан елдімекендердегі адамдарды эвакуациялады.

Естеріңізге сала кетсек, Фуэго жанартауы 3 маусым күні оянып, 10 км биіктікке дейін атқылаған еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!