Францияда президенттік сайлау басталды

13:24, 23 сәуір 2017
336

11 үміткер тіркелген.

Ал дауыс беруге 45 млн адам қатысуы мүмкін. Бей-берекет ақпарат тарап кетпес үшін экзит-пол алдын ала ешқандай мәлімдеме жасамайды. Сарапшылардың пайымдауынша, сайлаудағы негізгі тартыс төрт үміткердің арасында болады. Олар: бұрынғы қаржы министрі Эммануэль Макрон, «Ұлттық фронт» партиясының жетекшісі Марин Ле Пен, экс-премьер-министр Франсуа Фйион және «Бағынбаған Франция» қозғалысының өкілі Жан-Люк Меланшон. Саяси науқан кезінде оқыс оқиға болмас үшін елде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Қоғамдық тәртіпті қадағалауға 50 мың полицей мен 7 мың әскери қызметкер жұмылды. 

Айта кетейік, егер бүгінгі саяси додада кандидаттардың ешбірі халықтың 50%-дан астам дауысын жинай алмаса, 7 мамырда сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!