Францияда мемлекеттік қызметкерлер бюджеттің қысқартылуына қарсы шеруге шықты
© Сурет: pixabay
Франция астанасы Париж көшелеріне мыңдаған адам бюджетті қысқартуға қарсы шеруге шықты. Олардың арасында аурухана, мектеп қызметкерлері де бар.
Демонстранттар жаңадан жасақталатын үкіметтен мемлекеттік секторға инвестицияны көптеп бөлуді талап етті. Шеру елде саяси дағдарыс қызған шақта болып отыр. Бұған мемлекеттік бюджетке қатысты дау түрткі болған, деп жазады qazaqstan.tv.
Дәлірек айтсақ салықтарды көбейту және шығындарды 60 миллиард еуроға қысқарту арқылы мемлекеттік дефицитті азайту көзделген еді. Бұл оппозиция тарапынан қолдау тапқан жоқ. Парламент үкіметке сенімсіздік вотумын жариялады. Премьер-министр Мишель Барнье президентке отставкаға кету туралы өтініш берді.
Соңғы мәліметтерге сай, Эммануэль Макрон бірнеше күнде жаңа премьерді тағайындайды. Оған дейін уақытша үкіметті Барнье басқарады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:51, 11 желтоқсан 2024
Сирияда қарулы топ Башар Асадтың әкесі жатқан кесенеге баса-көктеп кірді
-
11:55, 11 желтоқсан 2024
Кенияда заңсыз алтын іздеген бес кенші оқыстан қайтыс болды
-
11:22, 11 желтоқсан 2024
Оңтүстік Кореяның бұрынғы Қорғаныс министрі өлім жазасына кесілуі мүмкін
-
14:37, 10 желтоқсан 2024
Сирияда түрмелерден мыңдаған адам босатылды
-
09:11, 10 желтоқсан 2024
Тбилисидегі наразылық шараларына байланысты Грузияда пиротехникалық заттарды қолдануға шектеу қойылады