Флорида штатында «Ирма» дауылына байланысты төтенше жағдай режімі жарияланды

09:38, 11 қыркүйек 2017

АҚШ-тың Флорида штатында «Ирма» дауылы салдарынан төтенше жағдай режімі жарияланды.

Соңғы ақпаратқа қарағанда, сағатына 185 шақырым жылдамдықпен соққан жел штаттың оңтүстік-шығыс бөлігіне жеткен. Жергілікті биліктің мәліметінше, 30 млн адам зардап шегуі мүмкін. 6,3 млн адам қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс. Осы уақытқа дейін 114 мың адам уақытша паналау орындарына жеткізілді. «Ирма» дауылы өткен айда Техаста 60 адамның өмірін қиған «Харвиден» де күштірек.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!