Фермерлер 8 миллион жыл бұрын өмір сүрген көне пілдің сүйек қалдықтарын тауып алды

14:33, 5 мамыр 2018

Дала жұмыстары кезінде фермерлер Орталық Македонияда бұрын-соңды болмаған пілдің сүйек қалдықтарын кездейсоқ тауып алды. Бұл туралы Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Көне піл табылған орынға қазба жұмыстарын жүргізу үшін Македонияның жаратылыстану ғылымдары мұражайы мен Болгарияның шынайы оқиғалар мұражайының палеонтологтары шақыртылды.

Ғалымдар табылған сүйек қалдықтары бұл маңда сегіз миллион жыл бұрын өмір сүрген жануарға тиесілі екенін анықтады. Табылған қалдықтардың пілдің қай түріне жататыны әзірше белгісіз. Бірақ болжам бойынша, сүйектер қазіргі пілдердің ата-бабаларының біріне жатады.

Табылған сүйек қалдықтарын алғаш зерттеген палеонтологтар піл өлер алдында 50 жаста болғанын және оның салмағы шамамен 10 тонна құрағанын анықтай алды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!