"Фейктер бопсалаған". Телефонда көп отыратын бозбала өз-өзіне қол салды

10:51, 3 қыркүйек 2019
710

Ливерпульдық колледж студенті Джоэл Крокетт өз үйінде өлі табылды. Оған әлеуметтік желідегі тролдер бірнеше ай бойына қоқан-лоқы жасап, ақыры бозбала өз-өзіне қол салуға мәжбүр болған, деп хабарлайды Zakon.kz Life-ке сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, баласы Аспергер (аутизмнің ең жеңіл түрі) синдромынан зардап шеккен, бірақ ол дертті жеңуге тырысып, тіпті театр өнерінен сабақ алған, ал бос уақытында интернетте xBox ойынын ойнағанды ​​ұнатқан.

Тергеу мәліметтері бойынша, оған желіде он-лайн арқылы аты-жөні белгісіз бір жас жігіт хабарласып, одан ойынды сатып алуды талап еткен. Ал оны сатып алмаса интернетте бозбаланың тыр жалаңаш суреттерін жариялаймын деп қорқытып, бопсалаған.

Джоел өз атына бірнеше несие тіркетіп, несие карталарын ашқан. Бірақ онлайн ойынға жұмсалған бұл қаражат тез тауысылып қала берген, көп ұзамай желідегі тролдер бозбаланы тағы айналдырып, бопсалай бастайды. Сол кезде ол анасынан ақша сұрайды. Бірақ анасы баласы екеуінің Испанияда демалуы үшін ақша жинап жатқандықтан, оның бұл өтінішін қанағаттырмайды.

"Осы жайт орын алғанға бір күн қалғанда біз бәріміз сәби сүйген досымыздың үйіне қонаққа бардық. Шілдаханада бәрі мәз-мәйрам болды, бірақ менің баламның ұнжырғасы түсіп, көңілі болмады", - дейді анасы.

Ол бірнеше күн бұрын чаттағы дауыс хаттарды естіп қалғанын жасырмады.

"Баламды балағаттап жатты, бірақ бұл ұл балалар арасында болатын уақытша қиындықтар, ол да өтіп-кетер деп үміттенген едім", - дейді қайғы жұтқан ана.

Полициядағылар бұл істі тергеуде қандай да бір белсенділік танытпаған. Бірақ анасы қайта-қайта оларды мазалап, өзінің күдігін айта берген соң бопсалау нұсқауы бойынша тергеу жүргізілген. Бір айдан кейін тәртіп сақшылары Ливерпульдің 18 жастағы тұрғынын ұстады. Сұрақ-жауаптан соң ол жігіт кепілмен босатылған, оның соты бірнеше айдан кейін өтеді деп күтілуде.

Джоэл Крокетт/Facebook


Источник: zakon.kz


Пікір