Facebook қарудың сызбаларын жариялауға тыйым салмақ

10:44, 10 тамыз 2018

Facebook әлеуметтік желісі парақшада 3D-принтердің көмегімен атыс қаруын жасауға арналған сызбаларды жариялауға тыйым салмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бейсенбі күні Facebook желідегі осындай контенттің барлығын, басқа сайттарға сілтемелерді қоса өшіретінін мәлімдеді.

«3D-принтерлердің немесе цифрлық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктардың көмегімен атыс қаруын жасауға болатын нұсқауларды орналастыруға тыйым салынады. Осы саясатқа байланысты, мұндай контентті Facebook-тен өшіреміз», - делінген әлеуметтік желінің мәлімдемесінде.

Соңғы кезде АҚШ-тағы жаппай атыстарда AR-15 винтовкасы мен тапаншалар пайдаланылған. Олардың әлеуметтік желіні кезіп жүрген сызбалары арқылы кез келген адам 3D-принтердің көмегімен қару жасай алатын.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!