Әжімін кетіремін деп екпе салдыртқан келіншектің беті қисайып қалған

16:33, 1 қазан 2020

12 қыркүйекте 29 жастағы қытайлық келіншек бұрын да бетін түзетіп жүрген жергілікті сұлулық клиникасына барып, бетіндегі әжімдерін кетіру үшін инъекция салдырған. Алайда, бұл жолы оның жолы болмады, деп хабарлайды zakon.kz Oddity Central-ке сілтеме жасап.

Бір аптадан кейін, 19 қыркүйекте ұйқысынан оянған келіншек бетінің бір жартысы жансызданып қалғанына куә болады. Аузы қисайып, сол жақ қабағы түйіліп, ашылмай қалған, сол секілді сол көзін де толық жаба алмай қалған. Оның үстіне тамақты да шайнай алмайтын болыпты, сол үшін оны сұйықтай түтікшемен ішуіне тура келуде.

- Күн сайын өзімді айнадан көрген сайын өліп қалғым келеді, - дейді шарасыз Чжао.

Мамандандырылған ауруханаға тексерілген Чжаоға дәрігерлер бет нервтерінің сал ауруы диагнозы қойған. Өкінішке орай, дәрігерлер оған бетінің қалпына келуі үшін қанша уақыт кететінін айта алмапты. Ал сұлулық салоны келіншекке өтемақы төлеуден бас тартқан. Себебі дәрігерлер беттің жансыздануының себебін атап көрсетпеген. Сол үшін келіншек енді өзі қаралған аурухананы сотқа беріп жатыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!