Әз-Наурыз Украина астанасында да тойланды

15:35, 23 наурыз 2017

Украина астанасында Наурыз мейрамын тойлаған мыңдаған адам достық думанын құрды. Мэрияның Салтанат залы бүгін есігін айқара ашып, қонақтарды қарсы алды.

Мекерелік шараға келген меймандарды дипломатиялық өкілдіктердің басшылары құттықтады. Киев қаласының басшылығы биыл екінші жыл қатарынан халықаралық Наурыз мейрамын атап өтті. Мерекелік шараның қызықты өтуіне сегіз елшілік үлес қосып, атсалысқан.

Әрбір өкілдік өзінің ерекшеліктері мен дәстүрін дәріптеді.

Салтанат залында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Иран мен Түркияның Наурызға арналған алаңдары ұйымдастырылды. Олар дастарқанға ұлттық тағамдарын қойып, қонақтарға қолөнер бұйымдарын, зергерлік әшекейлер мен ұлттық киімдерін паш етті.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!