Еуроодақтың ірі қалаларын лаңкестіктен қорғаудың жаңа шаралары әзірленді

18:00, 20 қазан 2017
401

Еурокомиссия Одақтың ірі қалаларын лаңкестіктен қорғайтын жаңа шаралар дайындады. Жобаға 118 миллион еуро бөлінеді.

Мұндай бағдарламаны жасауға соңғы жылдары Еуропаның бірқатар шаһарында жасалған лаңкестік әрекеттер түрткі болған. Енді жарылғыш зат дайындау үшін қолданылатын химиялық заттарға шектеу қойылады. Ал сауда орталығы, стадион, әуежай, теміржол вокзалы тәрізді қоғамдық орындарды бақылау қатаңдатылады. Сондай-ақ, қолдан жасалған бомбаны тез анықтайтын жаңа технология енгізілмек.

Каталонияда өзін-өзі басқару жүйесі тоқтатылады 

Испания билігі 21 қазанда Каталонияны өзін-өзі басқару құқығынан айыру үдерісін бастамақ. Шара Каталония басшысының хатына жауап ретінде қабылданды. Бұған дейін Карлес Пучдемон Мадрид тарапы келіссөзге келмесе өңірлік парламент тәуелсіздік жөнінде ресми дауыс беруі мүмкін екенін жеткізген. Ресми Мадрид өз кезегінде аймаққа конституцияның 155-і бабы қолданылатынын мәлімдеді. Ал ЕуроОдоқ автономиялық аймаққа қатысты дауды реттеуге араласпайды. Бұл туралы Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск мәлімдеді.

Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы: 

-Испаниядағы ахуал алаңдаушылық тудыратынын жасыруға болмайды. Десе де Еуроодаққа мүше елдердің ұстанымы айқын. Бұл жерде араағайындық жасау не қандай да бір бастама білдіру орынды емес.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!