Еуроодақ Италияға қаржылай көмек көрсетеді

09:21, 22 қазан 2017
403

Еуроодақ басшылары кәрі құрлыққа ағылған мигранттар легін тоқтату үшін Ливиямен бірлесіп әрекет етіп жатқан Италияға көмек көрсететін болды.

Шешім Брюссельде өткен саммит барысында қабылданды. Себебі Италия 2016 жылдан бері Жерорта теңізі арқылы Еуропаға беттеген келімсектердің негізгі еліне айналған. Ал Еуропаға Грекия арқылы ағылған босқындар легі Түркиямен жасалған келісімшарт арқасында тоқтатылған еді. Дегенмен Еуропалық комиссия басшысы Жан-Клод Юнкердің айтуынша, Жерорта теңізінің бағытындағы заңсыз миграцияға тосқауыл қою үшін африкалық қорды қаржыландыруды ұлғайту керек.

Жан-Клод Юнкер, Еурокомиссия төрағасы:

-Одаққа мүше елдер қазірге дейін қорға 175 млн еуро бөлді. Бұл жеткіліксіз. Егер біз Африкадағы, оның ішінде осы құрлықтың солтүстігіндегі іс-әрекетімізді жалғастыруды қалайтын болсақ, қаржы көлемін ұлғайту қажет.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!