Еуроодақ Иранға қарсы санкциясын бір жылға созды

16:15, 8 сәуір 2019
279

Еуроодақ Иранға қарсы шектеу шараларын бір жылға созды. Ол шектеулер аталған мемлекетте "адам құқықтарының бұзылуына байланысты" енгізілген болатын. Бұл жаңалық Брюссельде таратылған ЕО Кеңесінің мәлімдемесінде айтылады, деп хабарлайды ТАСС.

– Бүгін ЕО Кеңесі Ирандағы адам құқықтарының өрескел бұзылуына жауап ретінде шектеу шараларын 2020 жылдың 13 сәуіріне дейін ұзартты, – делінеді мәлімдемеде.

Еуроодақтың Иранға қарсы санкциялары 2011 жылы бұл елде адам құқықтарының бұзылуына байланысты енгізілген болатын. Санкция 82 адам мен бір ұйымға қатысты. Сол қара тізімдегілердің бәріне Еуроодақ территориясына кіруге тыйым салынған, ал еуропалық банктерде олардың ақша-мүліктері табылған жағдайда, бірден бұғатталуы тиіс.

Сонымен бірге, санкциялар Иранға ел ішіндегі "репрессиялар" үшін, сондай-ақ телекоммуникацтяларды тыңдап-бақылау үшін пайдаланылуы мүмкін құрал-жабдықтар жеткізуге тыйым салады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!