Ет жемейтіндер өз денсаулығына қауіп төндіреді – диетолог

16:31, 19 қазан 2021

© Сурет: Pixabay

Диетолог еттен бас тарту гормондық жүйенің бұзылуына әсер ететінін айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Малдың етінде болатын ақуызды тұтынбаған адамның ағзасына керек деген дәрумендер сіңбей қояды. Мысалы D, В12 жетіспеушілігінен инсульт қаупі артады, сосын ет жемегеннің азғасында Омега-3 май қышқылдары, креатин, холестерин, йод, фосфор және кальций жетіспеушілігі байқалады", - деді Ольга Чунтова.

Маман жоғарыда аталған элементтердің аздығы адамның гормон қызметінің бұзылуына әкелетінін ескертті. Оның айтуынша, шаш, тырнақ, сүйек, репродуктивті функция зардап шегеді. Ақуыз жоқта анемия қаупі артады. Диетолог өсімдік ақуызы аминоқышқылдарының құрамы бойынша да, сіңімділігі бойынша да мал етін алмастыра алмайтынын ескертті.

Чунтова етден бас тартқан адамдарға кофе мен шайды көп ішпеу керектігін айтты, өйткені екі сусын да темірдің сіңуіне кедергі келтіреді. Бұл процесті қалыпқа келтіру үшін аскорбин қышқылы бар тағамдарды тұтынуға болады. Сондай-ақ, балдыр, чиа тұқымдары, жаңғақ, жұмыртқа, зығыр тұқымды тағамдар диетаға қосылу керек.

Диетолог мырыштың жаңғақ пен бұршақ дақылдарында кездесетінін, ал аминоқышқылдар сүт өнімдерінде болатынын айтты. Сондай-ақ, ағзадағы кальций мөлшерін арттыру үшін көкнәр, күнжіт, қалақай мен итмұрын жеп жүру керектігін атап өтті.

Даяна Тоқберген


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!