Ертең жасы 69-ға келетін Путин бүгін оқшауланудан шығып алды

17:25, 5 қазан 2021
584

© Сурет: kremlin.ru

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің өзін өзі оқшаулау режимінен шыққанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Жоға. Қазір ол кісінің соншалық оқшаулану тәртібі жоқ, деді "өзін өзі оқшаулау президенттің туған күнін тойлауына әсер ете ме?" деген сұраққа жауап берген Путиннің баспасөз хатшысы.

14 қыркүйекте Владимир Путиннің оқшаулануға кеткені белгілі болды.

24 қыркүйекте Дмитрий Песков Ресей президентінің оқшаулану жағдайына қарамастан қасына байланыс құралдары мен қажетті құжаттардың бәрін алдыртып, қауырт жұмыс істеп жатқанын айтқан еді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!