Ер адам 23 баланы кепілге алған. Оның әйелін ауылдастары таспен ұрып өлтірді

14:34, 31 қаңтар 2020
755

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында оқыс оқиға орын алды, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.

Фаррухабад ауданының бұрын кісі өлтірді деп айыпталған тұрғыны Суреш Батам балаларды қызының туған күніне шақырған.

Басылымның мәліметінше, ол алты айдан 15 жасқа дейінгі 23 бала, сонымен қатар бірнеше әйелді кепілге алған.

Алаңдаулы ата-аналар Батамның үйінің есігін қаға бастағанда, ол оқ жаудырып, граната лақтырған. Осыдан кейін полиция арнайы операция жүргізіп, ер адам атып өлтірілді.

Балалар зардап шеккен жоқ.

Ашулы ауыл тұрғындары қаскөй ер адамның әйелін ұстап алып, оны таспен атқылаған. Әйел ауыр жағдайда ауруханаға түсіп, кейін ол қайтыс болды.

Полицияда балаларды кепілге алуға Батаммен бірге әйелінің де қатысқаны туралы нақты мәліметтер жоқ, бірақ адамдар ол күйеуіне көмектескен деп күдіктенеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!