ЕО Каталонияда тәуелсіздікке байланысты туындаған саяси дағдарысты реттеуге араласпайды

13:32, 20 қазан 2017

Бұл туралы Еуроодақ саммитінің алғашқы күнінің қорытындысына арналған баспасөз конференциясында Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Туск мәлімдеді.

Екі күндік басқосуда қаузалатын өзекті мәселелердің бірі – заңсыз көші-қон. Дональд Туск ЕО елдерінің көшбасшылары «Жерортатеңіздік бағытты» жабу үшін Италияға кең ауқымда көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. 

Дональд Туск, Еуропалық кеңес төрағасы: 

– Заңсыз мигранттар ағылған орталық «Жерортатеңіздік бағытты» жабуға мүмкіндік бар. Сондықтан біз одаққа мүше елдер Африка қорын қаржыландырамыз деген келісімге келдік. Бұл қадамның нәтижесін алдағы апталарда көретін боламыз.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!