Әнші NAZIMA ауруханаға түсіп қалды

16:13, 11 қазан 2019

Қазақстандық әнші, ресейлік Black star продюсерлік орталығының жұлдызы NAZIMA Instagram-дағы парақшасына өзінің ауруханада түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

NAZIMA өзінің әлеуметтік желіде көрінбей кетуіне денсаулығы нашарлап, соңғы күндері ауруханаға ем алып жатуы себеп екенін түсіндірді. Осыған байланысты ол Алматы мен Астанадағы концерттерін кейінге шегергенін, өз көрермендерінен бұған түсіністікпен қарауын сұраған. Әнші белгіленген күннен бір аптадан соң концерт беретінін де айтыпты.

Нәзиманың концерті Алматыда 18 қазанда, ал елордада 19 қазанға жоспарланған екен.

"Тез сауығып кетуге тырысамын, ақыры ұйқым да қанатын болды. Аз дегенде 5 күнге жатқызды, кітап оқуға, аяқ созып жатуға, өз-өзіме келуге, дұрыстап адам құсап тамақтануға бұл таптырмас уақыт. Мен мұны қысқа демалыс ретінде қабылдаймын. Маған тілек білдірген көп хабарлама келіп түсті, көңілім көтеріліп қалды, менде бәрі жақсы, барлықтарыңызға рақмет", - деді әнші.

Оқи отырыңыз: Шешенстанға орамал тағып барған әнші Нәзимаға жерлестері ұрсып тастады


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!