Емге жиналған ақшаны жезөкшелерге жұмсаған жігіт ұлынан айырылды

12:06, 24 қазан 2019
1211

Бразилияда екі жасар Мигель Алвес өзінің еміне жиналған ақшаны ойынқұмар әкесі жұмсап қойғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Zakon.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

2018 жылдан бастап отағасы Матеус Алвес пен отанасы Карин Родригес жеті айлық баласының емі үшін желі арқылы халықтан көмек сұрап, ақша жинап келген. Балаға қажет препараттың әр дозасы 90,5 мың доллар тұрады, ол дәрі аурудың дендеуін тежейді екен. Олар бір жыл ішінде әлеуметтік желі арқылы халықтан 248 мың доллар жинаған.

Отбасы жиналған ақшаны банктің төрт есепшотына салған, ата-аналардың әрқайсысы оның бір-біреуін басқарған. Осы жылдың мамыр айында отағасы жұмыспен сыртқа кететінін айтады. Содан бері ол үйінде бір-екі рет төбе көрсеткен. Бір күні әйел шоттан, сол секілді баласының да шотынан үлкен соманың шешіліп алынғанын байқап қалады. Әйелдің күдіктеніп, ақыры шілде айында полицияға арызданады.

Полиция баланың 37 жастағы әкесі Матеус Энрике Леруа Алвесті қымбат қонақүйде қамауға алынды. Ол онда тұрған екі ай ішінде 150 мың долларды құртқан. Алвес шоттан шешіп алған ақшаға қымбат дизайнерлік киім киіп, әшекей сағат сатып алып, есірткі тұтынып, жезөкше жалдаған.

Ал полицияға ол өзінің бопсалау құрбаны болғанын айтқан.

Бала мемлекеттен жеңілдікпен дәрі-дәрмек алу үшін тамыз айына дейін күткен. Бұл кезде ауру дендеп, 17 қазанда бала өз үйінде қайтыс болды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!