Әлемдік нарықта мұнай бағасы қымбаттады

14:27, 21 қыркүйек 2017

Сәуір айынан бері алғаш рет бір баррель мұнай құны 56 доллардан жоғары саудаланды.

Brent маркалы қара алтынның қараша айына арналған фьючерстері 1,87 пайызға өсіп, барреліне 56,2  долларға жетті. Ал WTI мұнайы барреліне 50,6 долларға саудаланды. Шикізат бағасының  өсуі ОПЕК+ келісіміне қатысты жағымды болжамдармен байланысты болған екен. Сарапшылар осылай деп мәлімдеді.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!