Әлемдік нарықта алтынның бағасы шарықтап кетті

14:06, 9 тамыз 2019

Аптаның басында COMEX тауар биржасында алтынның бір троя унциясы 1476 доллар болған. Ал қазір ол 1518 доллардан сатылып жатыр, деп хабарлайды Хабар24.

Жалпы жыл басынан бергі өсім 14 проценттен асты. Шетелдік сарапшылар алтынның қымбаттауын активтерге деген сұраныстың артуымен байланыстырады. Бұл өз кезегінде АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысы салдарынан болуы мүмкін.

Сонымен қатар әлемдегі жетекші орталық банктердің несие саясатын өзгертуі де алтын бағасына әсер етеді. Ал Ұлттық банк ақпаратына сәйкес, Қазақстанда алтынның бір граммы 18500 теңгеге саудалануда.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!