Әлемдегі ең әдемі банкноттар

15:04, 12 сәуір 2018
702

Көпшілігіміз үшін банкноттар – тауарлар мен қызметтерді сатып алуға болатын қағаздың бір бөлігі ғана. Бірақ, банкноттардың да жыл сайынғы рейтингі бар екен. Сарапшылар тек қана купюралардың қалай безендірілгенін ғана емес , сондай-ақ оны жасаудың қаншалықты қиын екенін бағалайды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Халықаралық банкноттар қоғамы өткізген жыл сайынғы байқаудың қазылар алқасы 10 швейцар франк номиналына «Жылдың үздік банкнотасы» атағын берді. Бұл банкнот тек әдемі ғана емес (онда дирижердің таяқшасын ұстаған қол, жер шары және Швейцария жолдары бейнеленген), сонымен қатар ол ең соңғы қорғаудың стандарттарымен жабдықталған.

Швейцария осымен екінші жыл қатарынан бірінші орынды иеленді. Өткен жылы 50 франк нотасы ең үздік купюра атанған болатын.

Конкурсқа 2017 жылы шығарылған 170 банкнот қатысқан.

Сондай-ақ, байқаудың финалына Норвегияның 100 кроны да өткен.

Гибралтардың 100 фунттық купюрасы.

Мексикалық 100 песо номиналы.

Австралияның 10 доллары.

Канаданың 10 доллары.

Малагасийдің 20 000 ариары (Мадагаскар валютасы).

Фиджидің 7 долларлық купюрасы.

Британияның 10 фунттық купюрасы.

Үндістанның 200 рупийі.

Израилдың 100 шекелі.


Грузияның 5 лариі.

Шотландияның 10 фунті.

Ресейдің 2000 рублі.

Аргентинаның 1000 песосы.

Джибутидің 40 франкі.

Қырғыздың 2000 сомы.

Мальдивтің 5 руфийі.

Ангольдің 10 кванзы.

Соломон аралдарының 20 доллары.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!