Әлемдегі ең арзан әуе компания анықталды

09:27, 24 мамыр 2018

Rome to Rio саяхатты брондау сервисі әлемдегі ең қымбат және ең арзан әуе компанияны атады. Бұл туралы Newshub сайты жазады, деп хабарлайды Вaq.kz.

Ішкі рейстерге қатынайтын австралиялық лоукостер Tiger Air бәрінен де арзан болып шықты. Әуе компанияның бір километрге тасымалы 17.99 теңге тұрады.

Ал жаңазеландиялық Air New Zealand компаниясының тасымалы километріне 125.37 теңгені құрап, әлемдегі ең қымбат әуе компания деп танылды.

Қымбаттардың ішінде екінші орынды километріне 76.18 теңгемен тасымалдайтын австралиялық Jetstar алса, ал арзан компаниялардың ішінде арабтың Emirates компаниясы екінші болды. Ол тасымалының километрін 33.64 теңге деп бағалап отыр.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!