Әлемде ашқұрсақ адамдардың қарасы 45 миллионға жуықтайды - БҰҰ

21:41, 8 қараша 2021

© Сурет: pixabay.com

БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (ДАТБ) атқарушы директоры Дэвид Бизли қазіргі уақытта 45 миллион адам аштық алдында тұрғанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ондаған миллион адам құрдымға кету алдында тұр. Түрлі қақтығыстар, климаттың өзгеруі, коронавирус пандемиясының өршуіне байланысты аштыққа ұшыраған адамдардың саны көбейді, ал соңғы мәліметтер бойынша қазір 45 миллионнан астам адам аш, – дейді Бизли.

ДАТБ мәліметтері бойынша, әлемнің 43 елінде адамдар тамақты тойып жемейді, отбасындағы адамдардың барлығына қолда бар тамақ жете бермейді. Тіпті, кей жағдайларда адамдар шегірткелерді, жапырақтар мен қырыққабатты азық етуге мәжбүр. ДАТБ қазіргі уақытта адамдарды аштықтан құтқару үшін 7 миллиард доллар қажет екенін атап өтті.

Шілде айының соңында БҰҰ ДАТБ және Біріккен Ұлттар Ұйымының азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымында (ФАО) азық-түліктің жетіспеушілігі тамыздан қарашаға дейін көбейетіні айтылды. Әлемнің 23 аймағында, оның ішінде 28 мемлекетте ашаршылық болуы мүмкін. Олардың қатарында Ауғанстан, Гаити, КХДР, Колумбия, Мьянма, Нигерия, Сирия, Африка, Таяу Шығыс және Орталық Американың бірқатар елі де бар. Ауғанстан, Мадагаскар, Эфиопия, Сирия, Йемен және Оңтүстік Судан сынды елдерде азық-түлік тапшылығы қазірдің өзінде бар.

Құжатқа сәйкес, 2020 жылы әлемде 155 миллионға жуық адам ашаршылықпен бетпе-бет келді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 20 миллионға көп.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!