Елді 30 жыл басқарған, таяуда тағы сайланған Чад президенті көз жұмды

17:36, 20 сәуір 2021

© Сурет: © REUTERS/Ammar Awad

Алтыншы мерзімге қайта сайланған Чад президенті Идрис Деби бүлікшілермен қақтығыс кезінде алған жарақатынан қайтыс болды. Бұл туралы AFP Twitter-де хабарлады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жақында Чадтың қайта сайланған президенті, 30 жыл бойына билікте болған Идрис Деби сейсенбіде Сахелдің солтүстігінде бас көтерген бүлікшілермен болған шайқаста алған жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлады AFP әскерилердің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Идрис Деби 11 сәуірде өткен президенттік сайлауда жеңіске жетіп, алтыншы мерзімге қайта сайланды. Ол билік басында 30 жыл отырған. Сайлаудың алдын-ала нәтижелерін елдің Жоғарғы соты мақұлдауы керек. Алайда президенттің қайтыс болуына байланысты бұл енді мүмкін емес.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!