Эквадор президенті министр мен депутаттарының айлығын 50 пайызға қысқартты

09:41, 13 сәуір 2020

Эквадор президенті Ленин Морено жоғары шенділердің жалақысы 50 пайызға төмендетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

Мұндай шаралар коронавирус, мұнай бағасының құлдырауы және бюджет тапшылығынан туындаған күрделі дағдарыс жағдайында мәжбүрлі түрде қабылданды.

Мен президенттің, вице-президенттің, министрлер мен вице-министрлердің айлық жалақысын 50 пайызға төмендетуді бұйырдым, деп жазды президент Твиттерде. Морено жалақының азаюы ұлттық парламент мүшелері мен жергілікті билік шенеуніктеріне де әсер ететіндігін айтты.

Жұма күні Эквадор басшысы елде бюджеттен тыс қор құрды, атап айтқанда азаматтық қоғам мен ірі бизнес өкілдерінің міндетті жарналар алынып, гуманитарлық көмек қорын құратынын жариялады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!