Экс-футболшы, бапкер Гвардиоланың анасы коронавирустан көз жұмды

23:12, 6 сәуір 2020
1283

Испанияның кезіндегі футболшысы, қазіргі бапкер Хосеп Гвардиоланың отбасында қаралы жағдай орын алды.

"Манчестер Сити" бапкері Хосеп Гвардиоланың 82 жастағы анасы коронавирустан қайтыс болды.

Футболсүйер қауымға әбден таныс Пептің анасы Долорс Сала Каррио коронавирус жұқтырған соң Барселонада қайтыс болды. Ол кісі 82 жаста еді, - делінеді "Манчестер Сити" клубының мәлімдемесінде.

Испанияда COVID-19 жұқтырудың әзірге 135 мың жағдайы тіркелген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!