Екі парашютші әуеде бір-біріне соғылып қайтыс болды

16:06, 21 мамыр 2018
293

Ресейдің Тергеу комитеті Татарстанда екі парашютшінің қайтыс болуына байланысты тексеру жұмыстарын бастады деп хабарлайды Baq.kz.

Оқиға 19 мамырда Татарстанның Мензелинский ауданында болған. Жеті спортшы 4 мың метрден 1,6 метрге дейін еркін құлауды орындаған. Парашюттер ашылған кезде бір спорты екіншінің ашылған парашютіне кіріп кеткен. Артынша екеуі бір-біріне соғылып естерінен танып қалған. Екеуі да қосымша парашютпен жерге түскен.

Әйтсе де, олардың бірі жедел жәрдем көлігінде, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Аэроклуб қызметкерлері екеуінің де тәжірибелі парашютші екенін, әрқайсысы бұған дейін кемінде 600 реттен секіргенін айтады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!