Екі депутат Мирзияевқа «ұлт көсемі» атағын беруді ұсынды

15:37, 8 қыркүйек 2021
439

© Сурет: official website

Екі өзбек депутаты президент Шавкат Мирзияевқа "ұлт көсемі" құрметті атағын беруді ұсынды. Орталық Азияның басқа елдерінде осыған ұқсас атақ бұрын болған, қазір де бар, дейді centralasian.org.

Шавкат Мирзияев Өзбекстанда шексіз саяси билікке ие деуге болады. Енді өзбек парламентінің екі депутаты оған "ұлт көсемі" құрметті атағын беруді ұсынып отыр.

Орталық Азияда демократия құндылықтарына қайшы келетін бұл үрдіс бұрыннан бар - жеке басқа табынушылық 1990-жылдары тәуелсіз ел атанған мемлекеттерде көрініс тапты.

Өзбекстан сенатының мүшесі Кудратилла Рафиков 19 тамызда жариялаған мақаласында Мирзияевтің жасаған істерін ұлт алдында мадақтады. Президентке құрметті атақ беру ұсынысы осы мақалада сөз болды.

"Шавкат Мирзияев феномені" деп аталататын "одада" сенатор өзбектер, әсіресе жас ұрпақ, президентке өте қатты сенеді, ал балалар президентті тіпті мақтан тұтады деп жазды.

Мирзияевтің "табиғи жаратылысында ерекше бір қасиет бар", адамдар "бұл адам ұйықтай ма, демала ма?" деп сұрайды, делінген мақалада.

Сенатор "Мирзияевті "миллат сардори", яғни "ұлт көсемі" деп атауға әбден болады" деп түйіндеген мадақтауын.

Бірнеше күннен соң парламенттің тағы бір палатасының депутаты Акмаль Саидов та мақала жазып, онда президентті "ұлт басшысы" деп атаған. Автор Мирзияевтің Өзбекстанның дамуына қосқан үлесін мақтаған. Саидов президентті "юртбоши", немесе "ел басшысы" деп атаған.

Ресми емес бұл атақты кейбір ақпарат құралдары да қолданып жүр.

Мирзияевтің бұған не дейтіні әзірге белгісіз. Бұның алдында ол мақтағанды ұнатпайтынын мәлімдеген.

Мирзияевқа құрметті атақ беру ұсынысы президент сайлауы қарсаңында айтылып отыр. Өзбекстанда президент сайлауы биыл 24 қазанда өтеді. Сайлауда Мирзияевқа ашық қарсылас, батыс бақылаушылары да болмайды. Оның елді басқару мерзімі тағы бес жылға созылады.

Президентке "ұлт көсемі" атағы берілсе, ол Орталық Азиядағы осындай атағы бар бұрынғы және қазіргі президенттер қатарын толықтырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!