ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің директоры тағайындалды

17:25, 17 қыркүйек 2021
501

© Сурет: ЕҚДБ

Хусейн Озхан Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Қазақстандағы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өз қызметіне қыркүйекте кірісіп, банктің Алматыдағы өкілдігінде жұмыс істейді.

Түркия азаматы Хусейн Озхан ЕҚДБ-да 2011 жылдан бері жұмыс істейді. Ол Анкарадағы ЕҚДБ кеңсесін басқарып, банктің Түркия бойынша өкілдігі төрағасының орынбасары болған деңгейіне дейін осы банктің инфрақұрылымының әртүрлі бөлімдерінде түрлі қызметтер атқарды. Жақында ол Банк операциялар бойынша вице-президенттің кеңесшісі болып тағайындалған еді.

Озхан Макалестер (Миннесота, АҚШ) колледжінің экономика және математика бакалавры, халықаралық сауданы қаржыландыру магистрі және Editep университетінің докторантурасының кандидаты (Түркия).

ЕҚДБ-ның Қазақстандағы өкілдігінің жаңа басшысы Озхан осы қызметте соңғы 4,5 жыл жұмыс істеп келген доктор Агрис Прейманистің орнына басты. Ал ол, өз кезегінде ЕҚДБ-ның Орта Азия бойынша басқарушы директорының кеңесшісі ретінде жұмысын жалғастырады.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!