Әйгілі Ванганың 2018 жылға жасаған болжамы

14:52, 25 желтоқсан 2017
648

Болгарияда дүниеге келген әйгілі Ванга өмірінің соңына дейін болашақты болжаумен айналысқан. Ғалымдар мен адамдар сенімсіздік танытқанымен, Ванга болжамдарының басым бөлігі орындалған. Мәселен, атақты көріпкел 2001 жылдың 11 қыркүйегінде Америкада орын алған қайғылы оқиғаны алдын ала болжап ескерткен, деп жазады Stan.kz.

1996 жылы 85 жасында өмірден озған Ванга 2018 жылға бірнеше ірі болжам жасаған, деп хабарлады ағылшын басылымы The Daily Mail. Ванганың сөзіне сенсек, 2018 жылы Қытай АҚШ-ты басып озып, жер бетіндегі ең ірі держава атанады. Сондай-ақ, Ванганың болжамына сай, 2018 жылы Шолпан (авт. Венера) планетасында “энергияның жаңа көзі” ашылады.

Мамандардың пікірінше, Ванганың бір болжамы орындалуы мүмкін. Оған бірнеше себеп те бар көрінеді.

1970 жылы Қытай экономикасы әлем экономикасының 4,1 пайызын құраған. Бұл көрсеткіш 2015 жылы 15,6 пайызға жеткен және ол күн санап артып барады.

Ал Forbes-тың болжамы бойынша, АҚШ-тың әлемдік экономикадағы үлесі 2025 жылға қарай 16,7 пайыздан 14,9 пайызға дейін кемімек.

Ал Шолпан планетасына ғарышкер жіберу әлем жоспарында жоқ. Сондықтан да көріпкелдің екінші болжамы негізсіз деп есептейді мамандар.

Десе де, Ванга болжамдарының көп жағдайда орындалғанын айта кетейік.

Сондай-ақ, Ванга 2028 жылы жер бетінде аштық болатынын, 2256 жылы Жерге ядролық шабуыл жасалатынын және 2341 жылы Жердің өмір сүруге жарамсыз болатынын болжаған.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!