Әйгілі әнші сүйіктісін шайтаннан құтқарамын деп өлтіріп алды

10:43, 13 наурыз 2018

Әнші жігіт құрбысын шайтаннан аластайын деп өлтіріп алды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға Вьетнам мемлекетінде болған. Нгуен Виет Куонг есімді қырық жастағы әнші жиырма жастағы сүйіктісімен пәтер жалдайды.

Қыздың қасында тағы екі құрбысы болған. Олар пәтерде есірткі шегеді. Кейіннен түрлі елестерді көріп, сандырақтай бастайды. Олар өздерін шайтан арбап алды деп ойлаған. Әнші құрбысын шайтаннан аластамақ болып, тамағына сарымсақты тығындап өлтіріп алған.

Қыздың мәйітін тексергенде, денесінен 23 сарымсақ тіні табылды. Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!