Әйгілі диктатор Фидель Кастроның ұлы өзіне қол салып қайтыс болды

09:55, 2 ақпан 2018

Кубаны 47 жыл бойы басқарған әйгілі Фидель Кастроның үлкен ұлы Анхель Кастро Диас-Баларт өзіне қол салды, деп жазады Reuters.

Кубаның мемлекеттің БАҚ өкілдері хабарлағандай, Диас-Баларт соңғы уақытта дәрігерлерге жиі көрініп, өзінің күйзелісте жүргенін айтқан екен. Ал, 2 ақпан күні таңертең ол суицид жасаған.

Белгілі болғандай, Кастро күйзеліске түскеннен кейін ұзақ уақыт ауруханада жатыпты. Кейін оның жағдайы жақсара бастағаннан кейін дәрігерлер үйінде ем қабылдау керек деп шешіп, ауруханадан шығарған. Ол өлер алдында қоштасу хатын жазып қалдырды.

Анхель Кастро Диас-Баларт - ядролық физика саласының ғалымы, ол 11 кітап пен 150 ғылыми мақаланың авторы. Ол көзі тірісінде энергетика технологиясы, ғылымдардың өзара байланысы және қоршаған ортаға әсері сынды ғылымдарды зерттеді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!