Әйелдің кірпігінен 100-ге жуық кене табылды

15:32, 13 желтоқсан 2017

Әйел көзінің қышығанына қарамастан екі жыл жүрген. Ол екі жыл бойы көзін дәрімен емдеп келген, - деп жазады Stan.kz.

Сьюй есімді қытайлық әйел кірпігінің не себепті қышитынын білмей, өзге дәрімен емдеп келді. Ақыры ауруы асқынып, көзін аша алмайтындай күйге жетті. Осыдан соң дәрігерге қаралған.

Дәрігерлер науқастың кірпігіне 100-ге жуық кене жабысып алғанын көрген. Әйел 2012 жылдан бері жастықтың тысын ауыстырмағанын айтқан. Ал көзінің ауруына бойы үйреніп те қалыпты.

Дәрігерлер ем жүргізіп, барлық кенені алып тастады. Әйелге көрпе-жастығының тысын үнемі ауыстырып, жуып тұу керек екенін айтқан. Кенелер тазалық сақталмағандықтан жастық арқылы әйелдің кірпігіне жабысқан.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!