Әй, мынау кім? Рибери FIFA 20-дағы өз түрінен шошып кетті

08:39, 18 қазан 2019
19661

FIFA 20 ойынын ойнап көрген "Фиорентинаның" жартылай қорғаушысы Франк Рибери ойындағы өз түрін көргенде біртүрлі болып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ренжіп қалған француз футболшысы ойындағы өз түріне скриншот жасап, сол суретті желіге жариялады:

 

"Өткенде ғана балаларыммен бірге FIFA 20 ойнап едім. Эй, EA Sports... Мынау неғылған жігіт өзі?" - деп жазды ол.

 

36 жастағы Рибери "Бавариядан" еркін агент ретінде "Фиорентинаға" ауысқан.

Француз "Бавария" сапында 12 жыл ойнады, Бундеслигада 273 матч өткізіп, 86 доп соқты. Бірақ EA Sports тарапынан түрін тәуір етіп жасауға лайық емес болып шықты.

Франк Рибери
© EPA/SEBASTIEN NOGIER

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!