Эфиопияның Үкімет басшысы Нобель сыйлығын иеленді

17:26, 11 қазан 2019

2019 жылғы Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығы Эфиопияның премьер-министрі Абий Ахмед Алиге бұйырды, ол Эритреямен арадағы шекара шиеленісін шешуге көмектесті, деп хабарлайды РИА Новости.

"Ол бейбітшілікке және халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізгені үшін марапатталды. Бұл марапат кейбір адамға асығыс берілген секілді болып көрінуі мүмкін (өйткені аймақтағы шиеленісті жағдай әлі толыққанды реттелмеген), дегенмен Осло Абий Ахмед Әлидің жұмысы "көтермелеуге және қолдауға әбден лайық" деген сенімде", - деді Норвегиядағы Нобель Комитетінің төрағасы Берит Райсс-Андерсен.

Бейбітшілік сыйлығы - XIX ғасырдың соңында шведтік өнеркәсіпші және өнертапқыш Альфред Нобель мұраға қалдырған ақшамен марапатталуға тиіс бес бағыттың бірі. Биыл бұл марапатқа швед белсенді әйелі Грета Тунберг, Жаңа Зеландияның премьер-министрі Джакинда Ардерн, Бразилиядағы Каяпо тайпасының көсемі Раони Метуктире және басқалары да таласқан.

2019 жылғы сыйақының мөлшері - 9 миллион швед кроны немесе шамамен 900 мың доллар.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!