Әдетте 25 миллион халық жүретін Бейжің көшелері қаңырап қалды

10:16, 7 ақпан 2020

Коронавирус Қытай астанасының күнделікті өміріне көп өзгеріс әкелді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қауіпті індет елді жайлағаннан бері 25 миллиондық шаһар көшелері қаңырап қалған. Шетелдіктер мұндай көріністі ешқашан көрмегенін айтады. Тіпті әдетте адамға толы метролардан да жолаушыларды сирек кездестіресіз. Себебі Ухань қаласынан лезде тараған қауіпті дерттен Бейжің тұрғындары көшеге шығудан қорқып қалған.

Фенг Юминг, студент:

– Коронавирус қатты алаңдатады. Алайда үрейімізді ұшырған жоқ. Себебі атқарылып жатқан іс-қимылдар дерттің таралуын тежеп, індетке тосқауыл қояды деп сенемін. Мысалы, көлік тұрағына кіру үшін дене қызуын тексеріп барып бірақ өткізеді.

Ал соңғы мәліметке қарағанда Бейжіңде коронавирусты жұқтырғандардың саны 274-ке жеткен.

Он-шақты адам дерттен айығып шықты. Індетті жұқтыру оқиғалары көбіне шаһардың Хайдянь мен Чаоян ауданында тіркелген. Қалада ауруға қарсы тексеру шаралары күшейтілген.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!