Әблязовтің сыбайласы Асылмұрат Грузиядан Алматыға экстрадицияланды

11:50, 30 қазан 2020
417

Мұхтар Әблязовтің сыбайласы Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

29 қазанда Бас прокуратураның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері ҰҚК-нің көмегімен Грузиядан банктің бұрынғы басқарма мүшесі - "БТА Банкі" АҚ басқарушы директоры болған Асылмұрат Рамазановты экстрадициялады.

- Ол Мұхтар Әблязовтің ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастық мүшелерімен бірлесіп жасалған "БТА банктің" 249 миллиард теңгеден астам активтерін ұрлағаны үшін іздеуде болған. Рамазанов қылмыстық жауапкершіліктен жалтарып, Грузия аумағына жасырынып, Қырғыз Республикасы азаматының жалған төлқұжатын қолданған. Алайда, қазақстандық құқық қорғау органдарының грузиндік әріптестерімен үйлесімді жұмысының арқасында оны Грузия ішкі істер министрлігі ұстады, - деді Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы
.

Қазір Рамазанов Алматыдағы тергеу абақтысына қамалды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!