Джон Маккейн жайында әзілдеген Трамп кеңесшісі Ақ үйден кетті

12:35, 7 маусым 2018
332

АҚШ президенті Дональд Трамптың қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Келли Сэдлер ауыр халде жатқан 81 жастағы сенатор Джон Маккейн жайында жөнсіз айтқан әзілі үшін Ақ үйден кеткен. Бұл жайында ernur.kz Reuters агенттігі берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен айда жиналыс кезінде Сэдлер президент кандидатурасына қатысты Маккейннің қарсылығын елемеуге болатынын айтып қалған. Ол "саясаткердің пікірі ешнәрсені өзгертпейді, ол бәрібір өледі" деген. Келли Сэдлердің сөздерін барлық БАҚ жариялады.

Сэдлердің бұл сөздері қоғам наразылығын туғызды. Сэдлер қызметінен өзі кетті ме, әлде кетірді ме, нақты айтылмайды.

Былтыр дәрігерлер Маккейннен ми ісігін анықтаған. Ол Трамп әкімшілігін сынаушы. Вьетнамда бес жыл тұтқында болып, азаптауға ұшыраған сенатор әріптестерін ЦРУ басшылығына ұсынылған Джина Хаспелдің кандитаруасына қарсы дауыс беруге шақырған.

2015 жылы Трамп Маккейн қызметін жария түрде мойындаудан бас тартты.

"Ол тұтқында болғаны үшін өзін батыр санайды. Маған тұтқынға түспеген адамдар ұнайды", – деп мәлімдеп еді президент.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!