Дұрыс болды! Украин халқының 70% Зеленскийді қолдайды

16:20, 17 қыркүйек 2019

Александр Разумков атындағы орталық Украина президенті Владимир Зеленскийдің қызметіне қатысты сауалнама жүргізді. Респонденттердің 70% оның жұмысын оң бағалайды, деп хабарлайды ТАСС.

- Мемлекет басшысына көңілі толмайтындар үлесі 9%-ды құрады. Сонымен қатар, респонденттердің 44%-ы жаңа Жоғарғы Раданың қызметін қанағаттанарлық деп бағаласа, әрбір оныншы адам онша риза емес. Сауалнама көрсеткендей, азаматтардың 57%-ы елдегі оқиғалар дұрыс бағытта дамып келеді деп санайды, 17%-ы басқа пікірде. Сауалнамаға қатысқандардың 41%-ы Украина алдағы жылдар ішінде бар проблемалары мен қиындықтарын жеңе алатынын айтса, 40%-ы ол үшін тым ұзақ мерзім керек десті. Халықтың 6%-ы Зеленскийдің Украинасы оңа қоймас деп ойлап жүр.

Мемлекеттік және қоғамдық институттар Украина президентіне қатты сенеді (респонденттердің 79%). Армия (74%), еріктілер ұйымдары (69%), Мемлекеттік төтенше жағдайлар қызметі (64%), Ұлттық гвардия (64%) және шіркеу (63%), шекара қызметі (63%), үкімет (57%), Рада (57%), украиналық БАҚ (56%), қоғамдық ұйымдар (52%), полиция (51%) Зеленскийге сенеді.

Зерттеу 6-11 қыркүйек аралығында Украинаның барлық аймақтарында жасы 18-ден жоғары 2018 респондентпен жүргізілді, теориялық қателік 2,3%-дан аспайды.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!