Дүниежүзілік банк Иракқа 400 миллион доллар қаржылай көмек бөледі

14:59, 1 қараша 2017
768

Дүниежүзілік банк Иракқа 400 миллион доллар көлемінде қосымша қаржылай көмек бөледі, деп хабарлайды Хабар 24.

Бұл сома «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» әрекетінен жапа шеккен аудандарды қалпына келтіруге жұмсалады.

Атап айтқанда, жолдар мен денсаулық сақтау мекемелері жөндеуден өтеді. Сонымен қоса қаражаттың бір бөлігі Мосулға бөлінеді. Елдегі екінші ірі қала ұзақ уақыт бойы «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» бейресми астанасы саналып келген еді.

Биыл жазда содырлардан азат етілді. Алайда экстремистер мұндағы мәдени мұра нысандарының біразын бүлдіріп кеткен. Енді олар Дүниежүзілік банктің қаржысымен жөнделмекші.

Фото: 24 kz.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!