Дунай өзеніндегі кеме қатынасына шектеу қойылды

13:07, 11 қаңтар 2017
779

Болгарияда қалың қар, боран мен аяз көлікпен жүк тасымалдау ісін тоқтатып тастады. Бұдан басқа, Дунай өзенінің суы қатып, билік кеме қатынасына шектеу қойған.

Бұл дария Еуропадағы ең басты су жолдарының бірі. Дунай арқылы мұнай мен астық тасымалданады. Қолайсыз күн райына байланысты, Болгарияда қауіп-қатердің сары деңгейі жарияланды, тіпті елдің шығыс аудандарында бұл меже қызғылт деңгейге дейін көтерілді.

Ал синоптиктердің болжамы көңіл көншітпейді. Олардың айтуынша, алдағы 10 күнде күн райы жақсара қоймайды.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!